"Астана" "Қайратты" қайта басып озды

"Астана" "Қайратты" қайта басып озды
Фото: Астана ФК

Бүгін футболдан ел премьер-лигасының ХХV турында кейінге шегерілген "Шахтер" мен "Астана" клубтары арасындағы ойын өтті. Елордалық ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетіп, "Қайратты" қайта басып озды.

Ойында "Астанаға" маңызды 3 ұпай сыйлауға септігін тигізген голды Джуниор Кабананга соқты. Қарағандылық команданың қақпашысы Игорь Шатский қаншама соққы қайтара білді. Тіпті Кабананга тепкен пенальти соққысын да қайтарған. Алайда кері серпілген допты шабуылшы қақпаға бағыттауда жылдамдық танытып кетті.

Алматының "Қайратынан" 1 ұпайға озған "Астана" көш тізгінін қайта қолға алды. Сондай-ақ Станимир Стойлов шәкірттерінің кейінге шегерілген әлі екі ойыны бар.

Ө. Сансызбай