Қуат Хамитов Конор МакГрегордың командаласымен жекпе-жек өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Қуат Хамитов Конор МакГрегордың командаласымен жекпе-жек өткізеді
Фото ©️ MMA Fighters KZ

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов ирландиялық танымал спортшы Конор МакГрегордың командаласы Питер Куиллимен октагонға шығады. Бұл туралы MMA Fighters KZ хабарлады.

БӨЛІСУ

26 қараша күні Алматыда "FIGHT NIGHTS GLOBAL & AFC" халықаралық турнирі өтеді. Осы кештің басты жекпе-жегінде Қуат Хамитов пен Питер Куилли өзара мықтыны анықтайтын болады.

Осыдан бірнеше ай бұрын ирландиялық спортшы "Найманды" жекпе-жекке шақырып, "Кезек сенде, Хамитов!" - деген еді.

Алматыдағы турнирде Жалғас Жұмағұлов та жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.