"Барыс" Омбыда "Авангардты" ұтты

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" Омбыда "Авангардты" ұтты
Фото ©️ omskzdes.ru

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Омбыда "Авангард" хоккей командасын ұтты. Ойында қазақстандық команда қарсыластарынан 4:3 есебімен басым түсті.

БӨЛІСУ

Бірінші кезеңде "Барыс" хоккейшілері мұз айдын иелері қақпасына екі бірдей шайба соқты. 5 минутта Никита Михайлис, 13 минутта Павел Акользин нәтижелі соққыларымен көзге түсті.

Екінші кезең басында Мэттью Фреттин "Авангард" қақпасына үшінші шайбаны тоғытты. Алайда омбылық команданың хоккейшілері бұл 20 минут аяқталғанша 2 шайба соғып, есепті қысқартты.

55 минутта Мэттью Фреттин дубль орындады. Араға екі минут сала "Авангард" командасы есепті қысқартқанмен, таразы басын теңестіре алмады.

Айта кетейік, Омбыдағы ойынға команданың үздік ойыншылары Найджел Доус, Кевин Даллмэн мен Даррен Диц жарақаттарына байланысты қатысқан жоқ.

Келесі ойынын "Барыс" 12 қазан күні Ханты-Мансийскіде "Юграға" қарсы өткізеді.

"Авангард" — "Барыс" 3:4 (0:2, 2:1, 1:1)

Шайбалар:

0:1 — 04:50 Михайлис (Савченко, Акользин). Тең құрамда
0:2 — 12:16 Акользин (Маркелов, Сагадеев). Тең құрамда
0:3 — 23:30 Фрэттин (Сауторн, Вей). Тең құрамда
1:3 — 32:32 Петерссон (Мартынов, Пережогин). Тең құрамда
2:3 — 37:23 Хохряков. Тең құрамда
2:4 — 54:52 Фрэттин (Вей).Тең құрамда
3:4 — 55:50 Медведев (Пережогин). Тең құрамда 

"Авангард": Фурх — Осипов, Анелёв, Меньшиков, Березин, Минеев, Мартынов, Березин — Манукян, Лемтюгов, Кугрышев, Кошелев, Петерссон, Стась, Галимов, Пережогин, Пьянов, Хохряков, Михеев, Файзуллин, Семёнов;

"Барыс": Карлссон — Савченко, Шалапов, Семёнов, Полохов, Липин, Орехов, Маклюков, Сауторн — Жайлауов, Михайлис, Вей, Никулин, Акользин, Старченко, Маркелов, Фрэттин, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер.

Айып уақыты: 8:6 (4:0, 4:0, 0:6)

Төрешілер: Виктор Спирин, Павел Овчинников