"Алтын допқа" үміткер 30 футболшы

"Алтын допқа" үміткер 30 футболшы
Фото: allan999.su

Француздың "France Football" басылымы 2017 жылғы "Алтын доп" марапатына лайық 30 футболшының тізімін жариялады.

Басылым өткен жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген еді. Нәтижесінде үздік ойыншыны анықтау жаңа жүйеде өте бастады. Жаңа жүйе болғанда, бұрынғы "France Football" басылымының ережесі бойынша анықталады. Яғни, «Алтын доп» иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысатын болады. ФИФА бұл марапатты табыстаған тұста тілшілермен қатар, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен капитандары да дауыс беруге қатысқан болатын. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап "Алтын допқа" үміткерлер саны 23-тен 30-ға артып отыр.

2017 жылғы "Алтын допқа" үміткер футболшылар:

1. Неймар ("ПСЖ")
2. Лука Модрич ("Реал")
3. Марселу ("Реал")
4. Пауло Дибала ("Ювентус")
5. Н`Голо Канте ("Челси")
6. Ян Облак ("Атлетико")
7. Серхио Рамос ("Реал")
8. Филиппе Коутинью ("Ливерпуль")
9. Дрис Мертенс ("Наполи")
10. Луис Суарес ("Барселона")
11. Роберт Левандовски ("Бавария")
12. Давид Де Хеа ("Манчестер Юнайтед")
13. Кевин Де Брейне ("Манчестер Сити")
14. Харри Кейн ("Тоттенхэм")
15. Эдин Джеко ("Рома")
16. Антуан Гризманн ("Атлетико")
17. Джанлуиджи Буффон ("Ювентус")
18. Тони Кроос ("Реал")
19. Садио Мане ("Ливерпуль")
20. Радамель Фалькао ("Монако")
21. Лионель Месси ("Барселона")
22. Пьер-Эмерик Обамеянг ("Боруссия" Д)
23. Матс Хуммельс ("Бавария")
24. Эдинсон Кавани ("ПСЖ")
25. Карим Бензема ("Реал")
26. Криштиану Роналду ("Реал")
27. Леонардо Бонуччи ("Милан")
28. Иско ("Реал")
29. Эден Азар ("Челси")
30. Кильян Мбаппе ("Монако").

Айта кетейік, биыл "Алтын допты" үздік футболшыға қашан берілетіні әлі белгісіз. Ал өткен жылы бұл атақты мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду жеңіп алған болатын. Сондай-ақ былтырдан бастап ФИФА да үздік ойыншыны жеке марапаттай бастады. 

Ө. Сансызбай