Қазақстандықтар Жанат Жақияновтың жекпе-жегін тікелей эфирде көре алады

Қазақстандықтар Жанат Жақияновтың жекпе-жегін тікелей эфирде көре алады
Фото: vesti.kz

Қазақстандық бокссүйер қауым жеңіл салмақта WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Жанат Жақиянов пен британдық боксшы Райан Барнетт арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көре алады. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин facebook желісіндегі парақшасында жазды.

- Бокс жанкүйерлері үшін!!!!! 21-қазаннан 22-ші қазанға қараған түні бокс жанкүйерлері «QAZSPORT» арнасынан тікелей эфирде қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың қатысуымен кәсіпқой бокс кешін тамашалай алады. Ирландияның Белфаст қаласында ең басты жекпе-жекте WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпион Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) және IBF нұсқасы бойынша чемпион солтүстік ирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут, жеңіліс жоқ) шығатын болады. Жақиянов әлемдік бокс рейтингінде 12-ші орында болса, Бернетт–5-ші орында. Жанат WBA белбеуін 2017 жылдың ақпанында алды, ал Барнетт маусым айында ие болған еді. Бұл жекпе-жекті асыға күтеміз, - деп жазды.

Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландия елінің астанасы Белфасттағы "SSE Arena" спорт кешенінде өтеді. АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. 

Ө. Сансызбай