Франческо Гавации Қытайда жеңіске жетті

Франческо Гавации Қытайда жеңіске жетті

«Астана» велокомандасында өнер көрсететін итальяндық шабандоз Франческо Гавацци Қытайда өтіп жатқан «Тур Пекин – 2012» велобәйгесінің 3-кезеңінде жеңіске жетті.

Жарыс жолының ұзындығы 162 шақырымға созылды. Аталған қашықтықты Франческо Гавации 4 сағат, 5 минут, 7 секундта жүріп өтіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші болып, ирландиялық велошабандоз Даниель Мартин тіркелді. Ал, үздік үштік қатарын норвегиялық Эдваль Хаген түйіндеді. Естеріңізге сала кетейік, жарыстың аяқталуына әлі екі кезең бар.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

Қ. Қауымбек