Қанат Ислам аргентиналық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

Қанат Ислам аргентиналық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін
Фото: vesti.kz

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Қанат Ислам (25-0, 20 КО) келесі кездесуін аргентиналық боксшы Брайн Кастаньоға (14-0, 10 КО) қарсы өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz порталына латынамерикалық журналист және спорт комментаторы Армандо Мендез айтты.

- Маған Қанат Ислам келесі қарсыласы ретінде аргентиналық Брайан Кастаньо қарастырып жатқаны белгілі болды. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін. Қазір келіссөздер бастапқы ғана кезеңде өтіп жатыр, - дейді Мендоза.

Айта кетейік,  28 жастағы Брайан Кастаньо WBA рейтингінде Қанат Исламнан бір саты жоғары тұр. Өзге ұйымдардың рейтингінде отандасымыздан төмен орналасқан.

Брайан Кастаньо соңғы кездесуін 1 шілде күні Франция елінде өткізіп, жергілікті боксшы Мишель Сороны (30-2-1, 20 KO) төрешілер шешімі бойынша жеңген.

Айта кетейік, Қанат Ислам өнер көрсететін бірінші орта салмақта қазір суперчемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға (24-2-2, 14 KO) тиесілі болса, WBA белбеуі америкалық Деметриус Андраде (24-0, 16 KO) еншісінде.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астанада өтізіп, жеңіліп көрмеген канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. 

Ө. Сансызбай