Фульсанг - екінші кезеңде, Луценко жалпы есепте жеңімпаз атанды

Фульсанг - екінші кезеңде, Луценко жалпы есепте жеңімпаз атанды
Фото: vesti.kz

Астана" командасының дат велошабандозы Якоб Фульсанг "Алматы туры - 2017" қоскүндік екінші кезеңінде жеңіске жетті, ал осы команданың капитаны Алексей Луценко бас классификация жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шабандоздар "Халық Аренадан" бастау алды. Ары қарай шығыс айналма жолмен - әл-Фарабимен айналды (Құлжа трассасы мен Түңғыш Президенті паркіне дейін). Спортшылар жарыстың соңы - финалдық спринт Тұңғыш Президент саябағынан бастап "Медеу" спорт кешеніне дейін (Достық даңғылымен) жүріп өтті.

Осы финалдық бөлікте Фульсанг шабуылдап, жеңіске жетті. Екінші болып, "Астана" капитаны қазақстандық Алексей Луценко келді, осылайша ол "Алматы туры-2017" жеңімпазы атанды.

"Алматы турының - 2017" веложарысының бірінші кезеңінде қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жеңімпаз атанған еді. "Алматы турының" жылдағы жүлде қоры - 39 900 еуро. Жарыс жеңімпазы 15 000 еуро алатын болады.

Айта кетейік, Алексей Луценко "Алматы туры" жарысының үш дүркін жеңімпазы.

Ө. Сансызбай