Еуро-2018. Футзалдан Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластары анықталды

Еуро-2018. Футзалдан Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластары анықталды
Фото: vesti.kz

Футзалдан 2018 жылы Словения елінің астанасы Люблянада өтетін Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы «В» тобына түсті.

Топтық кезеңде Какау жаттықтыратын ұлттық құрама ойыншылары Ресей және Польша құрамаларымен кездеседі. Соңғы Еуропа чемпионатында ресейліктер финалға шықса, поляктар іріктеу кезеңінде Қазақстанға жол беріп, финалдық кезеңнен тыс қалған болатын.

Қазақстан құрамасы топтағы бірінші ойында (1 ақпан) Польша құрамасымен ойнайды. Араға екі күн сала Ресей құрамасымен кездеседі. Плей-офф кезеңіне топтан екі команда шығады.

Жеребе қорытындысы:

«А» тобы: Словения, Италия, Сербия;
«B» тобы: Ресей, Қазақстан, Польша;
«С» тобы: Португалия, Украина, Румыния;
«D» тобы: Испания, Әзірбайжан, Франция. 

2018 жылғы Еуропа чемпионаты 30 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Люблянада өтеді. Екі жыл бұрын Сербияда Қазақстан құрамасы үшінші орын алған болатын. 

Ө. Сансызбай