Чемпиондар лигасы. ПСЖ "Баварияны" 3:0 есебімен ұтты

Чемпиондар лигасы. ПСЖ "Баварияны" 3:0 есебімен ұтты
Фото: vk.com

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші туры да аяқталды. Түнде A, B, C және D топтарындағы ойындар өтті.

Екінші турда жанкүйерлер асыға күткен ПСЖ мен "Бавария" арасындағы кездесуде париждік команданың мерейі үстем болды. Мюнхеннен келген қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Ойында Дани Алвес, Кавани мен Неймар гол соқты.

Түнде өткен ойындар арасында "Базель" мен "Бенфика" кездесуінде жанкүйерлер күте қоймаған нәтиже тіркелді. Швейцариялық клуб өз алаңында португалдық ұжымды 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Астананы" жарыс жолынан шығарған "Селтик" сырт алаңда Бельгияның "Андерлехт" командасын 3:0 есебімен ұтып, топтағы алғашқы 3 ұпайын иеленді.

Чемпиондар лигасы. Топтық кезең. ІІ тур

A тобы

ЦСКА - «Манчестер Юнайтед» - 1:4

Голдар: Константин Кучаев,90 - Ромелу Лукаку, 4, 27, Антони Мартиаль, 18, Генрих Мхитарян, 57

«Базель» - «Бенфика» - 5:0

Голдар: Михаэль Ланг, 2, Димитри Оберлин, 20, 69, Рикки ван Волфсвинкель, 59 («пен»), Блас Риверос, 76

Алаңнан қуылды - Андре Алмейда («Бенфика»), 62

B тобы

«Андерлехт» - «Селтик» - 0:3

Голдар: Ли Гриффитс, 38 Кара Мбоджи, 50 (автогол), Скотт Синклейр, 90+2

ПСЖ- «Бавария» - 3:0

Голдар: Дани Алвес, 2, Эдинсон Кавани, 31, Неймар, 63

C тобы

«Атлетико» - «Челси» - 1:1

Голдар: Антуан Гризманн, 40 (пен) - Альваро Мората, 59

«Карабах» - «Рома» - 1:2

Голдар: Педро Энрике, 28 – Костас Манолас, 7, Эдина Джеко, 15 

D тобы

«Ювентус» - «Олимпиакос» - 2:0

Голдар: Гонсало Игуаин, 69, Марио Манджукич, 80

«Спортинг» - «Барселона» - 0:1

Голдар: Себастьян Коатес, 49 (автогол)

Турнир кестесі

Ө. Сансызбай