Алматыда «Forbes Golf Cup 2017» гольф жарысы өтеді

«Forbes Kazakhstan» іскерлік журналы мен «Сетанта Қазақстан» спорт телеарнасының қолдауымен «Forbes Golf Cup 2017» гольф жарысын ұйымдастырады. 2017 жылдың 28 қыркүйегінде «Жайлау» гольф клубында өтетін бұл жарыс Қазақстандағы гольф әуесқойларының, шетелдік қонақтардың басын қоспақ.

Жарысты ұйымдастырушы «Сетанта Қазақстан» спорт телеарнасы мен «Forbes Kazakhstan» іскерлік журналы жайлы аз-кем айта кеткен жөн.

Қазақстанда ретрансляция жасайтын шетелдік спорт телерарналары тарихында тұңғыш рет 2016 жылдың қыркүйегінде «Сетанта спорт» арнасының жергілікті тұрғындар үшін бейімделген нұсқасы - «Сетанта Қазақстан» арнасы іске қосылды. «Сетанта Қазақстан» ғаламшарымыздағы ең танымал футбол лигасы – Ағылшын премьер-лигасының додаларын, корольдік санаттағы MotoGP мотобәйгелерін көрсететін айрықша құқыққа ие хабар таратушы болып табылады. Телеарна кәсіпқой қазақстандық комментаторлардың қатысуымен орыс және қазақ тілдерінде хабар таратады.

2017-2018 жылғы жаңа маусым бұрынғыдан бетер қызықты өтпек! «Сетанта Спорт» спорттық шараларды тарату жөніндегі құқықтар қоржынын тұрақты түрде толықтырып отырады. Ал 2017 жылдың қазанында бүкіл әлемде ең жоғарғы телевизиялық рейтингтерге ие болатын АҚШ-тың Жоғарғы баскетбол лигасы – NBA матчтарын тарататын болады. Сондай-ақ, көрермендер осы маусымда «Masters» сериясына жататын гольф жарыстарын тікелей эфирде тамашаламақ.

Өз кезегінде «Сетанта Қазақстан» NBA және NHL ойындарын қазақ тілінде көрсететін болады. Осының нәтижесінде Қазақстандағы көрермендер кәсіпқой спорт әлемін толығымен қызықтай алады. Сонымен қатар, 2017 жылдың қазанында «Сетанта Қазақстан» телеарнасында Алматы университеттерінің командалары арасында ұлттық спорт ойыны – «Жастар көкпар лигасының» алғашқы маусымы көрсетіледі.

Сонымен бірге, телеарна киберспортты дамытуға да үлкен көңіл бөлуде. 2017 жылдың қазанында «Сетанта Қазақстан»  арнасы «FIFA 18» футбол ойын симуляторы аясындағы тұрақты кәсіпқой лиганы іске қосқалы отыр. Сайыстардың трансляциясы кәсіпқой спорт комментаторларының қатысуымен өтеді. Лигаға Қазақстанның ең үлкен 16 қаласынан ойыншылар қатысып, олар бүкіл маусым бойы республика чемпионы атану үшін бәсекеге түседі, ал жеңімпаздар кейін халықаралық ресми жарыстарда Қазақстан атынан қатысуға мүмкіндік алмақ.

«Сетанта Қазақстан» телеарнасы «Сетанта Спорт» және «Сетанта Спорт+» сынды халықаралық арналармен қатар отандық көрермендерге спорт әлеміндегі ең әсерлі оқиғаларды көрсетіп отырған спорттық премиум-контентті тарататын басты ақпарат көзі болып табылады. Телеарналардың үшеуі де SD және HD-сапада ретрансляцияланады. Телеарналарды кабельдік («Алма ТВ», IDTV, т.б.), жерсеріктік («ОтауТВ», CaspioHD) және мобильдік операторлар (MobiTV және BeeTV) арқылы тамашалауға болады.

«Forbes» – бүкіл әлемде ең көп оқылатын бизнес бағытындағы журнал. 1917 жылы негізі қаланған. 2011 жылы журнал Қазақстан аумағында шығарыла бастады. «Forbes Kazakhstan» тұжырымдамасы эксклюзивті ақпаратқа негізделген. Журнал өз оқырмандарына кәсіпкерлер жайлы қызықты оқиғаларды, жаңа идеялар мен беталыстар жайлы ақпарат беріп, бизнестегі сәтсіздіктердің себебіне терең талдау жүргізеді. Сондай-ақ бұл журналдың бизнес әлеміндегі ең айтулы оқиғалар мен жаңалықтарды, жетекші бизнесмендердің сұхбатын жариялайтын ақпараттық-іскерлік порталы да бар.

«Forbes Golf Cup 2017» гольф жарысына қатысушылар төлейтін жарналары мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спортты дамыту үшін «Дара» қайырымдылық қорына табысталатын болады.