"Барыс" Астанада Минскінің "Динамосын" ұтты

"Барыс" Астанада Минскінің "Динамосын" ұтты
Фото: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада Минскінің "Динамосын" ұтып, Шығыс конференцияда екінші орынға көтерілді.

Ойында елордалық ұжым қарсыластарын 4:1 есебімен ұтты. 5 шайба да соңғы кезеңде соғылды. Ал оған дейінгі екі кезеңде "Барыстың" шайба соғуына зор мүмкіндіктері болған. Көп сәтте сәттілік жетіспеген еді. Тіпті екінші кезеңде Даррен Диц соққан шайбаны төрешілер есепке алмады.

Үшінші кезеңде бірінші болып "Барыс" сапынан Мэтт Фрэттин есеп ашты. Араға 4 минут сала Константин Пушкарев есепті еселеді. Артынша Владимир Маркелов "Динамо" қақпасына үшінші шайбаны тоғытты.

57 минутта минскілік клуб сапынан Джастин Фонтэйн бір шайба соқты. Ойын аяқталар тұста Константин Пушкарев дубль орындады.

«Барыс» — «Динамо» Минск 4:1 (0:0, 0:0, 4:1)

Шайбалар:
1:0 — 48:19 Фрэттин (Диц, Вей). Тең құрамда
2:0 — 51:53 Пушкарёв (Никулин). Тең құрамда
3:0 — 52:33 Маркелов (Никулин, Маклюков). Тең құрамда
3:1 — 56:41 Фонтэйн (Волков). Тең құрамда 
4:1 — 59:18 Пушкарёв (Маклюков). Тең құрамда, ашық қақпа. 

«Барыс»: Карлссон — Шалапов, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Маклюков — Жайлауов, Доус, Лихотников, Вей, Никулин, Акользин, Маркелов, Фрэттин, Балдин, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Шевченко;

«Динамо» Минск: Энрот — Шинкевич, Дюков, Лисовец, Граньяни, Хенкель, Коробов — Кулаков, Дрозд, Скилли, Хауден, Матерухин, Фонтэйн, Лингле, Павлович, Китаров, Волков, Шарангович, Ковыршин, Гаврус, Буйницкий.

Айып уақыты: 4:6 (2:0, 0:2, 2:4)

Бас төрешілер: Владимир Букин, Роман Щенёв

Ө. Сансызбай