Батыр Жүкембаев панамалық боксшымен жұдырықтасады

Батыр Жүкембаев панамалық боксшымен жұдырықтасады
Фото: Eye of The Tiger Management©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (9-0, 8KO) кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегінде панамалық Альберто Москуэрамен жұдырықтасады. Шаршы алаңдағы боксшылар кездесуі 27 қазан күні Канаданың Квебек қаласында өтеді.

Панамалық боксшы  1987 жылы туған. Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2005 жылдың 29 шілдесінде өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен. Одан бергі аралықта 29 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен. 3 рет жеңілген және 2 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. 16 қарсыласын нокаутпен ұтса, 3 қарсыласынан нокаутпен ұтылған. Әлемдік рейтинг бойынша 79-шы орынға жайғасқан. 

Батыр Жүкембаев бүгінге дейін 9 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 8 кездесуінде қарсыластарын мерзімінен бұрын ұтқан. Әзірге рейтингте 81 орында келе жатыр. 

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. 

Батыр соңғы жекпе-жегін 7 сәуір күні мексикалық Косме Ревераға қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, жартылай орта салмақта "IBO International" чемпиондық атағын жеңіп алған еді.

Ө. Сансызбай