Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына қатысады
Фото: fdk.kz

18-22 қазан күндері Хорватияда дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Додаға Қазақстан жастар құрамасы сапында 20 дзюдошы қатысады. Бұл туралы дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлады.

Қазақстан жастар құрамасы қатарында Рио Олимпиадасына қатысқан Дидар Хамза да бар. Бауыржан Жауынтаев та халықаралық жарыстарда жүлделі орыннан көрініп жүрген дзюдошыларымыздың бірі. Жаттықтырушылар әлемдік додада бақ сынайтын шәкірттеріне зор сенім артады.

Ерлер:

55 кг

Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
Дамир Болатбеков (Алматы облысы)

60 кг

Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы)

66 кг

Сұңғат Жұбатхан (Маңғыстау облысы)
Бауыржан Сағынғалиұлы (Маңғыстау облысы)

73 кг

Мадияр Сембаев (ШҚО)
Дидар Хамза (ОҚО)

90 кг

Ерасыл Болат (Алматы қаласы)

+100 кг

Санжар Жаббаров (Қарағанды облысы)

Қыздар

44 кг

Абиба Абужақынова (Алматы облысы)

48 кг

Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)
Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

52 кг

Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)

57 кг

Аида Карчаева (Жамбыл облысы)

63 кг

Ақниет Тұрдан (Маңғыстау облысы)
Мөлдір Нарынова (Алматы облысы)

70 кг

Перизат Қадірбекова (ОҚО)

78 кг

Назерке Тілеуханова (ШҚО)

+78 кг

Камила Берліқаш (Алматы облысы)

Ө. Сансызбай