Премьер-лига. "Қайсарды" ұтқан "Астана" көш басына қайта оралды

Премьер-лига. "Қайсарды" ұтқан "Астана" көш басына қайта оралды
Фото: vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының ХХVII турында "Қайсарды" ұтқан "Астана" көш басына қайта оралды. Қызылордада өткен ойында елордалық ұжым 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы бес гол да екінші таймда соғылды. 46 минутта Тоқтар Жаңғылышбай алаң иелерін алға шығарған. Алайда Станимир Стойлов командасы ойын аяқталғанша төрт гол соғып үлгерді.

60 минутта "Қайсар" қақпасына пенальти соққысы белгіленді. Елордалық ұжымның босниялық легионері Срджан Граховац 11 метрлік айып добын сәтті орындай алмағанмен, қайта соққы жасауда мүлт кетпеді. Араға 5 минут сала Игорь Шитов "Астананы" алға шығарды. Одан кейін Юрий Логвиненко мен Асхат Тағыберген гол соғып, командаға айқын жеңіс сыйлады.

63 ұпай жинаған "Астана" көш басына қайта шықты. Алматының "Қайратынан" 1 ұпай озып келеді. Сондай-ақ елордалық ұжымның әлі өткізетін екі кем ойыны бар.

ХХVII тур қорытындысы

"Ертіс" - "Ақжайық" 0:1 (0:0)

Гол: Перцух Юрий 72 (0:1) .
Ескертулер: Заречный Константин 33, Николич Йован 40, Дарабаев Аслан 74.
Алаңнан қуылды: Алиев Пиралы 90.

"Тобыл" – "Ордабасы" 0:0 (0:0)
Ескертулер: Жулпа Артурас 37, Нөсербаев Танат 44, Шиков Ванче 49, Жалмұқан Дидар 65.
Алаңнан қуылды: Жулпа Артурас 79 (екінші ескертуден кейін)

"Шахтёр" - "Оқжетпес" 2:1 (1:0)
Голдар: Стоянович Милан пенальтиден 36 (1:0) , Хлебоун Якуб 76 (2:0) , Бөлешев Әлібек пенальтиден 86 (2:1) .
Ескертулер: Абдулин Ренат 22, Хлебоун Якуб 69, Габышев Михаил 80.
Алаңнан қуылды: Абдулин Ренат 34 (екінші ескертуден кейін)

"Тараз" - "Қайрат" 1:5 (0:1)
Голдар: Гоу Жерар 17 (0:1) , Исламхан Бауыржан 52 (0:2) , Исламхан Бауыржан пенальтиден 64 (0:3) , Қожамберды Жақып 83 (1:3) , Анене Чума Энеке Уче 87 (1:4) , Аршавин Андрей 88 (1:5) .
Ескертулер: Таубай Абзал 22, Элек Акош 38, Бато Шелдон 44, Бабаханов Джурахон 64.

"Атырау" - "Ақтөбе" 2:2 (2:2)
Голдар: Валиуллин Руслан 13 (0:1) , Сикимич Предраг 21 (1:1) , Шимкович Томаш 30 (1:2) , Максимович Новица 43 (2:2) .
Ескертулер: Хайруллин Марат 33, Джокич Йован 45, Колчак Кристиан 56, Шимкович Томаш 59, Чичулин Антон 60, Саломов Шавкат 80, Каиров Бағдат 85.

Ө. Сансызбай