Зарина Дияс WTA рейтингінде 37 орын жоғарылады

Зарина Дияс WTA рейтингінде 37 орын жоғарылады
Фото: vk.com

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді.

Кеше Зарина Жапония астанасы Токиода өткен "Japan Women's Open Tennis" халықаралық турнирінде топ жарды. Ол WTA санатындағы турнирде алғаш рет жеңімпаз атанды. Финалда жапон теннисші қызы Миа Катоны жеңді.

- Бұл жеңісімді барша қазақстандықтарға арнаймын! Қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңызға мыңда бір рахмет! Алға Қазақстан!! – деп жазды теннисші instagram парақшасында.

Айта кетейік, осы жарыста Зарина Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцевамен де кездесті. Ширек финалда 2:1 (4:6, 6:1, 6:3) есебімен жеңіске жетті.

Юлия Путинцева да жаңарған рейтингте 4 орын жоғарылап, 48-орынға жайғасты.

Ө. Сансызбай