WBC бәске тіккен арнайы белбеу Головкинге табысталды

WBC бәске тіккен арнайы белбеу Головкинге табысталды
Фото: twitter.com

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы үздік боксшылар Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазына арнайы белбеу дайындаған болатын. Алайда бұл кездесу тең аяқталып, бәске тігілген белбеудің кімге бұйырары белгісіз болып қалған еді.

Геннадий Головкин мексикалық боксшыға есе жіберген жоқ. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

- Головкин WBC тұжырымы бойынша өзінің чемпиондық атағын тартысты жекпе-жекте қорғап қалды. Арнайы белбеуді иеленуге әбден лайықты деңгейде жұдырықтасты, - деп жазды WBC президенті Маурисио Сулейман twitter желісіндегі парақшасында.

Ө. Сансызбай