"Барыс" екінші ойын қатарынан "Сібірден" ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" екінші ойын қатарынан "Сібірден" ұтылды
Фото ©️ hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" екінші ойын қатарынан "Сібірден" ұпай ала алмады.

БӨЛІСУ

Бірер күн бұрын елордалық ұжым новосібірлік командадан 3:1 есебімен ұтылған болатын. Бүгін 4:0 есебімен есе жіберді. Екі ойын да Астанада өтті.

Бірінші кезеңде Йонас Энлунд "Барысты" алға шығарды. Араға 5 минут сала Иван Верещагин ойыншы басымдығын оңтайлы пайдаланып кетті.

Екінші кезеңде де қонақтар бір ойыншы басымдығы кезінде "Барыс" қақпасына үшінші шайбаны соқты. Бұл жолы Владислав Наумов нәтижелі соққысымен көзге түсті. Ойын аяқталар тұста Вячеслав Основин ашық қақпаны дәл көздеді.

Екі ойын қатарынан Астанада жеңіске жеткен "Сібір" ұпай саны бойынша "Барысты" қуып жетті. Қазіргі таңда командаларда 19 ұпайдан бар.

«Барыс» — «Сібір» 0:4 (0:2, 0:1, 0:1)

Шайбалар:
0:1 — 07:54 Демидов (Коньков). Тең құрамда
0:2 — 13:20 Верещагин (Наумов, Бергстрём). Ойыншы басымдығында
0:3 — 26:37 Наумов (Шаров, Коньков). Ойыншы басымдығында
0:4 — 57:20 Основин. Ойыншы басымдығында, ашық қақпа

«Барыс»: Кудрявцев 00:00-26:37, Карлссон 26:37-60:00 — Савченко, Шалапов, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин — Жайлауов, Доус, Михайлис, Вей, Бельгибаев, Никулин, Маркелов, Фрэттин, Балдин, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер;

«Сібір»: Красиков — Воробьёв, Демидов, Полашек, Алексеев, Игнатович, Верещагин, Наумов — Ткаченко, Основин, Закриссон, Бергстрём, Энлунд, Зырянов, Сигарёв, Первушин, Барбашев, Коньков, Шаров, Земченко.

Айып уақыты: 10:18 (4:12, 4:4, 2:2)