Зарина Дияс Жапониядағы халықаралық жарыста топ жарды

Зарина Дияс Жапониядағы халықаралық жарыста топ жарды
Фото: vk.com

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапония астанасы Токиода өткен WTA санатындағы халықаралық турнирде топ  жарды. Бұл отандасымыздың спорттық мансабындағы ең ірі жеңістерінің бірі.

Зарина финалда жапон теннисшісі Миа Катоны бірінші сетте 6:2 есебімен жеңсе, екінші сетте 7:5 есебімен басым шықты.

Қазақстандық теннисші жарыс жеңімпазы атанып қана қоймай, 280 рейтингтік ұпайға ие болды. Сондай-ақ 43 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алатын болады.

Ө. Сансызбай