Головкин-Альварес жекпе-жегінің статистикасы жарияланды

Головкин-Альварес жекпе-жегінің статистикасы жарияланды
Фото: НВО Boxing

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жектің статистикасы жарияланды.

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілер тең нәтиже тіркеді. Атап айтар болсақ, бірінші төреші 118-110 есебімен "Канеломен" жеңімпаз таныса, екінші төреші 115-113 есебімен Генаға басымдық берді. Үшінші төреші 114-114 есебімен тең нәтиже тіркеді.

Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет қарсыласымен тең жұдырықтасты. Ал "Канело" болса 50-ші жекпе-жегінде 2-ші рет тең түсіп отыр. Бір жекпе-жегінде америкалық боксшы Флойд Мейыезерден (кішісі) жеңілген.

Compubox мәліметі бойынша Геннадий Головкин 703 соққы жасап, 218-і тура тиген. Оның 361-і джеб соққылары болса, 108-і дәл тиген. Ал тура күшке салған соққылар саны – 342. Оның 110 нәтижелі шыққан.

Мексикалық боксшы болса 505 қана соққымен ерекшеленген. Оның 169-ы тура тиген. Джеб соққылары 233 болса, оның 55-і ғана дөп тиген. Ал тура күшке салған соққыларының нәтижесі 272-ге тең. Оның 114-і есепке алынған.

Compubox

Ө. Сансызбай