Зарина Дияс Жапониядағы жарыстың финалына шықты

Зарина Дияс Жапониядағы жарыстың финалына шықты
Фото: vesti.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің финалына шықты.

Жартылай финалда отандасымыз америкалық теннисші Кристина Макхэйлды жеңді. Бірінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетіп, екінші сетте 6:0 есебімен қарсыласына есе жіберді. Үшінші сетте 6:3 есебімен ұтып, жеңіске бастар жолды таба білді.

WTA рейтингінде Кристина Макхэйл 62-орында болса, Зарина алғашқы жүздікті түйіндеп тұр.

Зарина Дияс финалда хорват Яна Фетт пен жапон Миа Като арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Зарина Дияс ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваны жарыс жолынан шығарған еді.

Ө. Сансызбай