Еуропа лигасы. "Астана" топтағы бірінші ойында "Вильярреалдан" ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
Еуропа лигасы. "Астана" топтағы бірінші ойында "Вильярреалдан" ұтылды
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойындар аяқталды. «А» тобында ел намысын қорғап жатқан "Астана" бірінші ойында "Вильярреалға" 3:1 есебімен есе жіберді.

БӨЛІСУ

Бірінші таймда Никола Сансоненің соққан голынан кейін алаң иелері алға шықты. 68 минутта Юрий Логвиненко бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, таразы басын теңестірген. Алайда ойынға тыңнан қосылған Седрик Бакамбу мен Денис Черышевтің голдары "Вильярреалға" айқын жеңіс сыйлады.

Топтағы екінші ойында Праганың "Славия" командасы Тель-Авивтің "Маккабиін" ұтты. Келесі турда "Астана" өз алаңында чех командасымен кездеседі. Бұл ойын 28 қыркүйекке жоспарланған.

Еуропа лигасы, топтық кезең. І тур нәтижелері

«А» тобы

«Славия» (Прага) - «Маккаби» (Тель-Авив) - 1:0
«Вильярреал» - «Астана» - 3:1

«B» тобы

«Динамо» (Киев) - «Шкендербеу» - 3:1
«Янг Бойз» - «Партизан» - 1:1

«C» тобы

«Хоффенхайм» - «Брага» - 1:2
«Истанбул Башакшехир» - «Лудогорец» - 0:0

«D» тобы

«Аустрия» - «Милан» - 1:5
«Риека» - АЕК - 1:2

«E» тобы

«Аполлон» - «Лион» - 1:1
«Аталанта» - «Эвертон» - 3:0

«F» тобы

«Копенгаген» - «Локомотив» (Мәскеу) - 0:0
«Злин» - «Шериф» - 0:0

«G» тобы

«Хапоэль» (Беэр-Шева) - «Лугано» - 2:1
«Стяуа» - «Виктория Пльзень» - 3:0

«H» тобы

«Црвена Звезда» - БАТЭ - 1:1»
«Арсенал» - «Кельн» - 3:1

«І» тобы

«Витория Гимараэш» - «Зальцбург» - 1:1
«Марсель» - «Коньяспор» - 1:0

«J» тобы

«Герта» - «Атлетик» - 0:0
«Заря» - «Эстерсунд» - 0:2

«K» тобы

«Витесс» - «Лацио» - 2:3
«Зюльте-Варегем» - «Ницца» - 1:5

«L» тобы

«Реал Сосьедад» - «Русенборг» - 4:0
«Вардар» - «Зенит» - 0:5