Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші құлдырады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші құлдырады
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) жаңарған рейтингінде 21 сатыға төмендеп, 126-орынға тұрақтады. 

БӨЛІСУ

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер орын алған. Германия құрамасы көш басына шықса, бразилиялықтар екінші орынға сырғыды. Ал Аргентина құрамасы үздік үштіктен шығып, Португалияға орын берді.

1 (2). Германия - 1606 ұпай
2 (1). Бразилия - 1590
3 (6). Португалия - 1386
4 (3). Аргентина - 1325
5 (9). Бельгия - 1265
6 (5). Польша - 1250
7 (4). Швейцария - 1210
8 (10). Франция - 1208
9 (7). Чили - 1195
10 (8). Колумбия - 1191

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Чад ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 31 саты төмендеп, 131-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Кабо-Верде құрамасы еншіледі. Олар 47 саты жоғарылап, 67-орынға табан тіреген.

Қазақстан құрамасы осы айда 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Черногория және Польша құрамаларына қарсы ойын өткізді. Екі ойында да қарсыластарына 3:0 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 7 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның бесеуі Еуропадан болса, екеуі – Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар: Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, Бразилия және Аргентина