Альварес Головкинді нокаутқа түсіретініне уәде берді

Альварес Головкинді нокаутқа түсіретініне уәде берді
Фото: YouTube

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес Sky Sports арнасына берген сұхбатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретініне уәде берді.

- Мен жанкүйерлерімді қуанту үшін қолымнан келгенінің барлығын жасаймын. Мен үшін ең маңыздысы – жеңіс!

Мен ылғи ең үздік нәтиже көрсету үшін талпынып келемін. Жанкүйерлерім үшін, командам үшін, елім үшін сенбі күні жеңіске жетуді мақсат тұтып отырмын. Қарсыласымды (Геннадий Головкин) нокаутқа түсіремін. Бокста бәрі болатыны рас, дегенмен мен нокаутпен жеңуге дайындалдым, - деді.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні (Астана уақытымен 17 қыркүйек күні таңда) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Ө. Сансызбай