Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі ойындар басталады

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі ойындар басталады
Фото ©️ Napoli In Rete

Бүгін түнде футболдан Еуропаның басты додасы саналатын Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің ойындары басталады. Назарларыңызға ойындар кестесі мен уақытын ұсынамыз.

БӨЛІСУ

Плей-офф кезеңінде «Астананы» жарыс жолынан шығарған «Селтик» өз алаңында Париждің ПСЖ командасымен кездеседі. Сондай-ақ жанкүйерлер «Барселона» мен «Ювентус» командалары арасындағы тартысты ойынды да тамашалай алады.

Чемпиондар лигасы, топтық кезең. Бірінші тур

Барлық ойындар Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады.

«А» тобы

«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Базель» (Швейцария)
«Бенфика» (Португалия) - ЦСКА (Ресей)

«B» тобы

«Бавария» (Германия) - «Андерлехт» (Бельгия)
«Селтик» (Шотландия) - ПСЖ (Франция)

«C» тобы

«Челси» (Англия) - «Карабах» (Әзірбайжан)
«Рома» (Италия) - «Атлетико» (Испания)

«D» тобы

«Барселона» (Испания) - «Ювентус» (Италия)
«Олимпиакос» (Грекия) - «Спортинг» (Португалия)