Руслан Мәдиев оныншы жеңісіне қол жеткізді

Руслан Мәдиев оныншы жеңісіне қол жеткізді
Фото: facebook.com

Бүгін АҚШ-та қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (9-0, 4КО) бүгін бірінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. 

Руслан Мәдиев мексикалық Абдиэл Рамиреспен (23-1-1, 21 КО) жұдырықтасты. 8 раундқа жалғасқан жекпе-жек 80:72, 79:73, 79:73 есебімен Руслан Мәдиевтің пайдасына шешілді. 

Осылайша 24 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокстағы 10-шы жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Оның 26 жастағы қарсыласы Рамирес өзінің спорттық мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады. Руслан еліміздің мақтанышы WBC, WBA (Super), IBF және орта салмақтағы IBO титулдарының иегері Генадий Головкиннің командасында жаттығады. 

Ж. Жұмағұлов