Айбек Нұғымаров "Әлем барысының" жеңімпазы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Айбек Нұғымаров "Әлем барысының" жеңімпазы атанды
Фото ©️ El.kz

Қазақ күресінен екінші рет ұйымдастырылған "Әлем барысы" халықаралық турнирі аяқталды. Финалда отандасымыз Айбек Нұғымаров грузин Гурам Тушишвилимен белдесіп, таза жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Бірінші болып грузин балуаны ұпай алды. Артынша Айбек те белсеніп, нәтижені теңестірді. Соңынан тәжірибелі Айбек қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, таза жеңіске жетті. 

Гурам Тушишвили - осы жылы дзюдодан Еуропа чемпионы атанған балуан. 

Қола белбеу үшін өткен кезедсуде Ержан Шынкеев Моңғолияның қазағы Серік Бердімұратты жеңді.