Айбек Нұғымаров "Әлем барысының" жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Айбек Нұғымаров "Әлем барысының" жартылай финалына шықты
Фото ©️ vesti.kz

Қазақ күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға бірінші болып Айбек Нұғымаров шықты. Ширек финалда Шығыс өңірінің балуаны қызылордалық Еламан Ерғалиевті жеңді.

БӨЛІСУ

Белдесу басында биылғы "Қазақстан барысында" топ жарған Еламан басым болатын. Алайда уақыт өте тәжірибесіне сүйенген Айбек айла-тәсілдерін жүзеге асырып, жеңіске бастар жолды тауып кетті.

Айта кетейік, Астанадағы "Әлем барысына" елімізден 5 балуан қатысуда. Дәурен Нұралинов пен Айбат Сейтен жарысты 1/8 финалда аяқтаса, Айбектен жеңілген Еламан да жүлдесіз қалды. Алдағы уақытта Ержан Шынкеев белдесуге шығады.