Дәурен Нұралинов "Әлем барысында" өзбек балуанынан жеңілді

О Сансызбай Корреспондент
Дәурен Нұралинов "Әлем барысында" өзбек балуанынан жеңілді
Фото ©️ скриншот

Қазақ күресінен Астанада өтіп жатқан "Әлем барысында" Дәурен Нұралинов өзбек балуаны Муксин Хусомотдиновке жол берді.

БӨЛІСУ

Қазақ балуаны қарсыласына қарсы әдіс жасамақ болып, өзбек балуанының әдісіне түсіп қалды. 1/8 финалда Муксин Хусомотдиновпен Айбек Нұғымаров белдеседі.

Ержан Шынкеев, Айбат Сейтен және Еламан Ерғалиев қарсыластарын айқын жеңіп келеді.

Биылғы "Әлем барысының" жүлде қоры – 30 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуан тең жартысын иеленеді. Екінші орын алған балуан — 5 миллион, үшінші орын алған балуан 3 миллион сыйақы алады. Сондай-ақ жүлдегерлер алтын, күміс және қола белбеулермен марапатталады.