Қанат Ислам мен Брэндон Кук көз арбасты

О Сансызбай Корреспондент
Қанат Ислам мен Брэндон Кук көз арбасты
Фото ©️ vesti.kz

9 қыркүйек күні Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен канадалық боксшы Брэндон Кук жұдырықтасады. Бүгін қос боксшы баспасөз мәслихатына қатысып, көз арбасты.

БӨЛІСУ

Қанат Ислам мен Брэндон Кук бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық атақтарына таласады.

- Астанада өтетін бокс кешіне қатысуға шақырғанына алғысымды білдіремін. Сіздердің елде таңғажайып адамдар тұрады екен. Жекпе-жекке қатысты айтар болсам, мен бірінші рет өзге елде жекпе-жек өткізгелі тұрмын. 9 қыркүйекте не болатынын көреміз. Бұл - бокс. Мен кездесуге дайынмын, - деді Брэндон Кук.

9 қыркүйектегі бокс кеші Астанадағы республикалық "Сарыарқа" велотрегі кешенінде өтеді. Сондай-ақ бұл бокс кешінің андеркардында 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар — Жанқош Тұраров (21-0, 15 КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2 КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3 КО), Әли Ахмедов (7-0,5 КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6 КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1 КО). Барлық боксшыларымыз осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңілмеген.