Головкин келесі кездесулерін желтоқсан және қаңтар айларында өткізетін болады

Головкин келесі кездесулерін желтоқсан және қаңтар айларында өткізетін болады

WBA тұжырымындағы орта салмақтың чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін осы жылдың аяғында Еуропа төрінде өткізеді, ал АҚШ жерінде келер жылдың басында өткізетін болды. Бұл туралы Championat.com порталы хабарлайды.

«Мен WTB ұйымдастырушыларымен сөйлестім. Генадий осы жылдың аяғында АҚШ жерінде бір кездесу өткізуге дайындалып жатыр. Бірақ, WTB ұйымдастырушылары АҚШ жерінде басқа боксшылардың кездесулерін жоспарлап қойыпты. Енді біз Генаның алғашқы кездесуін үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Еуропада, екінші кездесуді келер жылдың қаңтар айында АҚШ жерінде өткізетін болдық», - дейді Головкин өнер көрсететін K2 Promotions промоутерлік компаниясының бас директоры - Том Леффлер.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

У. ҚОСАНБАЙ