Қазақстан құрамасы қарашада Ресеймен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Қазақстан құрамасы қарашада Ресеймен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Бородюк Польша құрамасына қарсы (2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі барысында) өтетін кездесудің алдында өткен баспасөз жиыны кезінде құрамамыздың алдағы жоспарлары туралы айтты. 

Бас жаттықтырушы бұл жиында Қазақстан құрамасы мықты ұжымдарға қарсы тәжірибе жоқ екенін айтып, алдағы уақытта Еуропаның мықты деген екі ұжымымен жолдастық кездесуі мүмкін екендігін хабарлады. 

- Біздің құрама жолдастық кездесулерге берілетін демалыс кездерін бос өткізіп алып жатады. Бұл мәселені қалай шешуге болады?

- Жолдастық кездесуге берілетін уақытта бізге тиімді пайдалану керек. Жасырмаймын, қазір біз қараша айында жолдастық кездесу үшін еуропалық екі мықты құрамаға ұсыныс жасадық. Жауап күтіп отырмыз. Қарсыласымыз қаншалықты мықты болса, біз үшін тиімдірек болады. 

Сонымен қатар қараша айында Түркияда өтетін халықаралық турнирге қатысу ойда бар. Ол жаққа мықты командалар келуі мүмкін. Мұндай турнирлер біздің құрама үшін пайдасы зор. Алдағы уақытта кеңестің құрамалар арасында Достастық кубогын ұйымдастыруға да болады. Ол турнирде бірақ жасы 25-ке жетпеген футболшылар қатысуы керек. 

- Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін мүмкіндігіміз бар ма?

- Мен бұл туралы Черчесовпен сөйлестім. Жолдастық кездесу өткізу туралы ұсыныс айттым. Бірақ қалай боларын білмеймін. Негізі әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмай қалған ұжымдарға көп ұсыныс түседі. Бізге де түсіп жатыр. Мұндай жұмыстармен қазір федерация айналысуда. 

Еске салайық, Польша мен Қазақстан арасындағы кездесу бүгін түнде Астана уақытымен 00:45-те басталады. 

Ө. Сансызбай