Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді

Жолдас Өрісбай Корреспондент
Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді
Фото ©️ khabar.kz

Тоғызқұмалақтан IV әлем чемпионатын ұйымдастырушылар: Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Аcтана қаласының әкімдігі.

БӨЛІСУ

Астанада 3-8 қыркүйек аралығында өтетін Чемпионатқа әлемнің 25 елінен (АҚШ, Австрия, Ауғанстан, Антигуа және Барбуда, Әзербайжан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Үндістан, Камерун, Колумбия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Украина, Чехия, Швейцария) 70-тен астам спортшы қатысады.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру ісі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов қатысады.

Дереккөзі: egemen.kz