Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының финалына шықты
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Бокстан Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына үшінші боксшымыз шықты. Ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда камерундық Арсен Фокуды жеңді. 

БӨЛІСУ

Қамшыбек үш раундта да қарсыласына басымдығын таныта білді. Төрешілер бірауыздан (5:0 есебімен) жеңісті қазақ боксшысына берді. 

Финалда қазақ боксшысы әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовпен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Гамбургтегі әлем чемпионатының финалына Қамшыбектен өзге Қайрат Ералиев (56 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) шыққан болатын. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдегер атанды.