ӘЧ-2017. Қамшыбек өзбек боксшысына қамшы салдырмады

ӘЧ-2017. Қамшыбек өзбек боксшысына қамшы салдырмады
Фото: vesti.kz

Аса ауыр салмақта бақ сынайтын отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шықты. Ширек финалда өзбек боксшысы Баходыр Жалоловты жеңді. 

Қамшыбек өзбек боксшысына қамшы салдырған жоқ. Қарсыласының қапысын тауып, сәт сайын соққыларын дарытумен болды. Төрешілер шешімі бойынша Қамшыбек 3-2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, осыған дейін Жомарт ЕржанҚайрат ЕралиевӘбілхан Аманқұл және Василий Левит жартылай финалға шыққан еді.  Ал Ерік Әлжанов өзбек Бектемір Меликузиевке төрешілер шешімі бойынша жол беріп алды. 

Ө. Сансызбай