GGG мен "Канело" Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізді

GGG мен "Канело" Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізді
Фото: vk.com (Геннадий GGG Головкин)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес 16 қыркүйек күні шаршы алаңда кездеседі. Боксшылар осы жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне арнап Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізді.

Ашық жаттығуға жиналған жанкүйерлердің қарасы аз болған жоқ. Генаны қолдауға келгендер арасында мексикалықтар да болды. Тіпті олардың бірі "Геннадий GGG Головкин. Мексикалық стиль" деп жазылған мемлекеттік туын көтеріп барған.

Сауль Альварес те жанкүйерлерімен кездесіп, өз соққыларының жылдамдығын танытатын жаттығуларын жасады. БАҚ өкілдері мексикалық боксшы нағыз спорттық бабында екенін жазуда.

Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні (Қазақстан уақытымен 17 қыркүйек күні таңда) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді.

Ө. Сансызбай