ӘЧ-2017. Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда өзбек боксшысымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
ӘЧ-2017. Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда өзбек боксшысымен жұдырықтасады
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев Гамбургтегі әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

БӨЛІСУ

Әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде Қамшыбек қамшы салдырмады. Шаршы алаң иесі Макс Келлерді 5:0 есебімен айқын жеңді. Енді ширек финалда өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен жұдырықтасады. Кездесу ертең өтеді.

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов бір-бірінің қыр-сырын жақсы білетін боксшылар. Биылдың өзінде шаршы алаңда екі рет кездесіп үлгерді. WSB жобасы аясындағы жекпе-жекте (ақпан айында) Қамшыбек жеңсе, Ташкенттегі Азия чемпионатында Баходир басым түскен еді. Ал бірер жыл бұрын Болгариядағы "Strandja" халықаралық турнирінің финалында отандасымыз өзбек боксшысын нокаутпен ұтқан болатын.

Айта кетейік, осыған дейін Жомарт Ержан (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Әбілхан Аманқұл (75 кел) мен Василий Левит (-91 келі) әлем чемпионатының ширек финалына шыққан еді.