Бүгін дзюдодан әлем чемпионаты басталады

Бүгін дзюдодан әлем чемпионаты басталады
Фото: worldjudo2017.com

Бүгін Венгрия елінің астанасы Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты басталады. 126 елден 731 дзюдошы қатысатын жылдың ең маңызды додасында еліміздің намысын 18 дзюдошы қорғайды.

Бүгін ерлерден - 60 келі, әйелдерден 48 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталады. Аталған екі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шығады. Олар: Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі).

Жеребе бойынша Елдос Сметовтың алғашқы қарсыласы - Нэусо Сигаукие (Мозамбик), Ғұсман Қырғызбаев франциялық Ривол Кедрикпен кездеседі. Ал Отгонцэцэг Галбадрах әлем чемпионатын екінші айналымнан бастайды. Қарсыласы – Италия спортшысы Милани Франциска.

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі Астана уақытымен 14.00-де басталады. Финалдық белдесулер сағат 20:00-де басталады. "Qazsport" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан әлем чемпионаты 3 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ө. Сансызбай