Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатының ширек финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Фото ©️ vesti.kz

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Әбілхан Аманқұл ширек финалға шықты.

БӨЛІСУ

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 1/8 финалда шаршы алаң иесі Сильвио Ширлені жарыс жолынан шығарды.

Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатына алғаш рет қатысуда. Бірінші жекпе-жегінде аустралиялық боксшы Кэмпбел Сомервилді 5:0 (30:26, 30:27, 30:25, 30:27, 29:28) есебімен жеңген еді.

Айта кетейік, осыған дейін әлем чемпионатының ширек финалына Жомарт Ержан (49 келі) мен Қайрат Ералиев (56 келі) шыққан еді.