ӘЧ-2017. Азамат Исақұлов кәріс боксшысынан жеңілді

ӘЧ-2017. Азамат Исақұлов кәріс боксшысынан жеңілді
Фото: kfb.kz

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. 52 келіге дейінгі салмақта Азамат Исақұлов Оңтүстік Корея елінің боксшысы Ким Инькюдан жеңілді.

Азамат Исақұлов кәріс боксшысына қарсы жекпе-жекте басымдық байқата алмады. Қарсыласының мысы басым болып, төрешілер 5:0 есебімен Ким Инкьюді жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, осыған дейін Әділет Құрметов грузин боксшысынан жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Абылайхан Жүсіпов және Бекдәулет Ибрагимов (64 келі) бірінші жекпе-жектерінде жеңіске жетті.  

Ө. Сансызбай