Фируза Шәріпова Астанада екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді

О Сансызбай Корреспондент
Фируза Шәріпова Астанада екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді
Фото ©️ twitter.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп, екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді.

БӨЛІСУ

Бірінші раундтан бастап Фируза қарсыласын бұрыштан-бұрышқа тықсырып, белсенділігін байқатты. Болгар қызы қорғаныста жұдырықтасып, сәті түскенде ғана шабуылдаумен болды. Раунд сайын қарқынын арттыра түскен отандасымыз дөп соққыларымен алға оза түсті.

Милена Колева да тәжірибелі екенін байқатты. Екі бірдей чемпиондық атақ сарапқа салынатын жекпе-жекке дайындалып келгені көзге ұрды.

Фируза 8 раунд бойы соққы жасап баққанмен, Милена жекпе-жек соңына дейін шыдап бақты. Дегенмен кездесуде отандасымыз айқын басымдығын танытты. Төрешілердің барлығы Фирузаны жеңімпаз ретінде таныды.

Милена Колеваны жеңген Фируза Шәріпова WIBA және WBU тұжырымдары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізді.

- Мені қолдауға келген баршаларыңызға алғысымды білдіремін. Жаттықтырушыларым мен ата-анама рақметімді айтамын. Бұл жеңіске үлкен еңбектің арқасында қол жеткіздік. Командама рақмет. Алға, Қазақстан, - деп боксшы қыз қуаныштан көзіне жас алды.