"Барыс" Астанада Риганың "Динамосынан" ұтылды

"Барыс" Астанада Риганың "Динамосынан" ұтылды
Фото: Барыс ХК

"Барыс" хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасының екінші турында Риганың "Динамосынан" ұтылды. Астанада өткен ойында қонақтар 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Елордалық ұжымға бірінші кезең қиын соқты. Қонақтар үш шайба соғып, алға шықты. Микс Индрашис дубль орындаса, бір шайбаны Карл Сколлери өз еншісіне жазды.

Екінші кезеңде "Динамо" хоккейшілері "Барыс" қақпасына төртінші шайбаны соқты. Нәтижесінде бас жаттықтырушы қақпашы Хенрик Карлссонды Сергей Кудрявцевке алмастырып, ойын жүйесін өзгертті. 40 минутта Кевин Даллмэн "Барыстың" ойындағы бірінші шайбасын соқты.

47 минутта "Барыстың" канадалық жаңа легионері Даррен Диц өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. Дегенмен 53 минутта Гуннарс Скворцов ригалық команданың бесінші шайбасын соқты. Одан кейін ойын аяқталар тұста "Барыс" сапынан Антон Сагадеев шайба соқты.

"Барыс" келесі ойынын да Астанада өткізеді. 28 тамыз күні "Северстальмен" ойнайды.

"Барыс" — "Динамо" Рига 3:5 (0:3, 1:1, 2:1)

Шайбалар:
0:1 — 07:23 Индрашис. Ойыншы басымдығында
0:2 — 10:37 Столлери (Кристо, Евпалов). Ойыншы басымдығында
0:3 — 15:06 Индрашис (Макмиллан). Тең құрамда
0:4 — 33:53 Кристо (Индрашис). Тең құрамда
1:4 — 39:08 Даллмэн (Сен-Пьер, Диц). Ойыншы басымдығында
2:4 — 46:03 Диц (Сен-Пьер, Фрэттин). Ойыншы басымдығында
2:5 — 52:08 Скворцов. Бос қақпа
3:5 — 58:22 Сагадеев. Тең құрамда 

"Барыс": Карлссон 00:00-33:53, Кудрявцев 33:53-60:00 — Савченко, Шалапов, Семенов, Полохов, Даллмэн, Диц, Маклюков — Жайлауов, Доус, Михайлис, Лихотников, Доус, Акользин, Фрэттин, Пушкарёв, Тривино, Сагадеев, Сен-Пьер, Шевченко;

"Динамо" Рига: Питерс — Столлери, Алишаускас, Зиле, Редлихс, Ерофеев, Ренн, Галвиньш — Батня, Скворцов, Кристо, Мисюс, Лессио, Гегерис, Елисеев, Индрашис, Мейя, Макмиллан, Евпалов, Бичевскис, Липсбергс.

Айып уақыты: 12:14 (8:4, 0:4, 4:6)

Бас төрешілер: Алексей Васильев, Сергей Морозов

Ө. Сансызбай