"Астананың" Еуропа лигасындағы қарсыластары анықталды

"Астананың" Еуропа лигасындағы қарсыластары анықталды

Монакода футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Ел намысын қорғайтын "Астана" "А" тобына түсті. 

Командалар УЕФА рейтингтік көрсеткіштері бойынша 4 себетке бөлінді. Елордалық ұжым үшінші себеттен орын алды. Жеребе кезінде әр себеттен бір-бір командадан таңдалып, 12 топқа бөлінді. 

"Астанаға" топта "Вильярреал" (Испания), "Маккаби Тель-Авив" (Израиль) және "Славия Прага" (Чехия) командалары қарсылас атанды. Топтық кезеңдегі бірінші ойындар 14 қыркүйек күні басталады. Ал қалған ойындар 28 қыркүйек, 19 қазан, 2 және 23 қарашада өтіп, 7 желтоқсан күні мәресіне жетеді. Әр топта үздік шыққан екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. 

Жеребе қорытындысы:

"А" тобы: "Вильярреал" (Испания), "Маккаби Тель-Авив" (Израиль), "Астана" (Қазақстан), "Славия Прага" (Чехия);

"В" тобы: "Динамо Киев" (Украина), "Янг Войз" (Швейцария), "Партизан" (Сербия), "Скендербеу" (Албания)

"С" тобы: "Брага" (Португалия), "Лудогорец" (Болгария), "Хоффенхайм" (Германия), "Башашекир" (Түркия);

"D" тобы: "Милан" (Италия), "Аустрия Вена" (Австрия), "Риека" (Хорватия), АЕК (Грекия);

"G" тобы: "Виктория Пльзен" (Чехия), "Стяуа" (Румыния), Хапоэль Бер-Шева" (Израиль), "Лугано" (Швецария);

"Н" тобы: "Арсенал" (Англия), БАТЭ (Беларусь), "Кельн" (Германия), "Црвена Звезда" (Сербия);

"Е" тобы: "Лион" (Франция), "Эвертон" (Англия), "Аталанта" (Италия), "Аполлон Лимасол" (Кипр);

"І" тобы: "Зальцбург" (Австрия), "Олимпик" (Франция), "Витория" (), "Коньяспор" (Түркия);

"F" тобы: "Копенгаген" (Дания), "Локомотив Мәскеу" (Ресей), "Шериф" (Молдова), "Злин" (Чехия);

"J" тобы: "Атлетик Бильбао" (Испания), "Герта" (Германия), "Заря" (Украина), "Эстерсунд" (Швеция);

"К" тобы: "Лацио" (Италия), "Ницца" (Франция), "Зюльте-Варегем" (Бельгия), "Виттес" (Нидерланд);

"L" тобы: "Зенит" (Ресей), "Реал Сосьедад" (Испания), "Русенборг" (Норвегия), "Вардар" (Македония);

УЕФА өткен маусымдағы Еуропа лигасының үздік ойыншысы марапатын "Манчестер Юнайтед" командасының жартылай қорғаушысы Поль Погбаға табыстады.

Монакода өткен Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесінен кейін француз футболшысы ресми түрде мәртебелі марапатқа ие болды. Ол финалда "Аяксқа" қарсы өткен ойында гол соғып, командасын алға сүйреген болатын.

Бұл атаққа Погбаның командаластары Генрих Мхитарян мен Златан Ибрагимович те үмітті еді.

Ө. Сансызбай