Роналду Еуропаның ең үздік футболшысы атанды

Роналду Еуропаның ең үздік футболшысы атанды

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду 2016/2017 жылғы футбол маусымының үздік ойыншысы атанды. Футболшы Монакода өткен Чемпиондар лигасының жеребе тастау кешінде марапатталды.

Криштиану Роналду өткен маусымды сәтті өткізді. Чемпиондар лигасын екінші жыл қатарынан жеңіп алды. Сондай-ақ Испания Примерасында командасын алға сүйреді. Шабуылшы Еуропаның үздік ойыншысы атанып қана қоймай, үздік шабуылшы атағын да иеленді.

Өткен маусымның үздік қақпашысы атағына Джанлуиджи Буффон, үздік қорғаушы марапатына Серхио Рамос ие болды. Үздік жартылай қорғаушы болып Лука Модрич танылды.

Қыздар арасындағы үздік ойыншы марапатына Лик Мартенс ие болды.

Үздіктер Чемпиондар лигасына қатысушы командалардың жаттықтырушылары мен УЕФА құрамына енетін 52 тілшінің дауыс беруі бойынша анықталған.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?