Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды
Фото: Ticket Bureau

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан барлық командалар белгілі болды. Бүгін Монакода жеребе тастау рәсімі өтеді.

Дүбірлі доп додасында ел намысын қорғаған "Астана" плей-офф кезеңінде сүрінді. Қос ойын қорытындысы бойынша Шотландияның "Селтик" командасына жол беріп алды. Нәтижесінде елордалық ұжым Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан командалар анықталып қана қоймай, 32 команда себеттерге бөлініп те үлгерді.

1-себет: "Реал", "Бавария", "Челси", "Ювентус", "Бенфика", "Монако", "Спартак", "Шахтер".

2-себет: "Барселона", "Атлетико" Мадрид, ПСЖ, "Боруссия" Дортмунд, "Севилья", "Манчестер Сити", "Порту", "Манчестер Юнайтед".

3-себет: "Наполи", "Тоттенхэм Хотспур", "Базель", "Олимпиакос", "Андерлехт", "Рома", "Бешикташ", "Ливерпуль".

4-себет: "Фейеноорд", "Марибор", "РБ Лейпциг", ЦСКА, "Карабах", АПОЭЛ, "Спортинг", "Селтик".

Бүгін Монакода өтетін жеребе кезінде УЕФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы, жылдың үздік футболшы аруы, 2016/2017 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздіктері (қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы, шабуылшы) анықталатын болады.

Жеребе тастау рәсімі Астана уақытымен бүгін сағат 22:00-де басталады. Салтанатты шарадағы жеребе тартуға әйгілі италиялық футболшы Франческо Тотти мен украиналық Андрей Шевченко қатысады. Тікелей эфирде "Qazsport" арнасы көрсететін болады.

Ө. Сансызбай