Қазақ боксшылары әлем чемпионатына аттанды

Қазақ боксшылары әлем чемпионатына аттанды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Гамбургте өтетін әлем чемпионатына жол тартты. 25 тамыз күні басталатын кіл мықты боксшылардың бәсекесі 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақ боксшылары 10 салмақ дәрежесі бойынша да бақ сынайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов шәкірттерінен жоғары нәтиже күтеді.

- Дайындық жаттығулары жақсы өтті. Ешкім жарақат алған жоқ. Көп уақытта Алматының таулы аймағында жаттықтық. Астанада тактикалық тұрғыдан дайындалдық. Кімге қандай қарсылас жолығуы мүмкін екенін аздап білеміз. Кез келген боксшы өз салмағындағы боксшыларға қарсы тактикалық дайындығын шыңдады. Барлық боксшыларға жеке жаттықтырушылары көмектесті. Кейбірінің жаттықтырушылары Германияға да барады. Командада олардан бөлек, психолог, массаж жасаушы және дәрігер мамандар бар.

Енді қалғаны жігіттердің өздеріне байланысты болмақ. Сәттілік серік болғай. Боксшылар тас-түйін дайын. Соңына дейін тіресіп бағатын болады. Жеңісті ешкім жай бермейді. Оның үстіне көпшілігі әлем чемпионатына алғаш рет бара жатыр. Ералиев пен Левит – тәжірибелі. Абылайхан Жүсіпов те Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибесі бар. Команда жанкүйерлерді қуанту үшін барын салатын болады, - деді Мырзағали Айтжанов.

Әлем чемпионатына қатысатын қазақ боксшылары:

49 кг - Ержан Жомарт;
52 кг - Азамат Исақұлов;
56 кг - Қайрат Ералиев;
60 кг - Әділет Құрметов;
64 кг - Бекдәулет Ибрагимов;
69 кг - Абылайхан Жүсіпов;
75 кг - Әбілхан Аманқұл;
81 кг - Ерік Әлжанов;
- 91 кг - Василий Левит;
+ 91 кг - Қамшыбек Қоңқабаев

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты