"Астана" қарымта ойында "Селтикке" сес көрсете ала ма?

"Астана" қарымта ойында "Селтикке" сес көрсете ала ма?
Фото: Vesti.kz

Ел үмітін арқалап, Чемпиондар Лигасының топтық кездеңдерінде өнер көрсетіп жүрген "Астана" командасы  жақында ғана "Селтик" командасынан 5:0 есебімен ұтылған болатын. Бұл есеп кезіндегі бір әнді еске түсірері анық. Иә өкінішті болса да, жігіттердің ойынын көре алдық. Бәлкім бізге жақсы бір қақпашы керек шығар. Бұл мәселелердің жауабын іздей отырып, "Астана" футбол клубының атқарушы директоры – Бекенов Қайсар Рауфұлына хабарласқан болатынбыз. 

«Астана» мен «Селтик» арасындағы ойынға сіздің көзқарасыңыз қандай?

– Біз өзгеше ойын, басқа нәтиже тіпті ойынның құрылымы жағынан мүлде басқа дүние күттік. Шындығында біздің құрама варшавалық «Легия» командасымен болған ойыннан кейін өздерін тым жоғары бағалап жіберген секілді. Себебі қарсылас құраманың көрсеткіші де, ішкі бюджеті де бізден жоғары еді. «Селтик» командасы бір жыл бұрын кездескен қарсылас емес, қайта күш жиған, үлкен дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Менің көзқарасымда, шотландиялық команданың  жалпы ойыны мен бөлек ойыншылары кездесуді сәтті шешіп кетті.

Дәл мұндай есепті ешкім күткен жоқ. 5:0! Басты себеп неде?

– Глазгода өткен ойынның барысын қарасаңыз, «Астана» командасы алғашқы бірінші тайымда жақсы ойын көрсетті. Өкінішке орай өзімізге өзіміз салып алған доп одан қала берді екінші жіберіп алған соққы командаға  қатты әсер етті. Осыдан келіп команда тек алдыға ұмтылуды көздеп, ойынның жүйесі бұзылып кетті. Бірақ біз ойын барысында түрлі қақтығыстардың алдын алып, қарсылас құраманың түрлі айла-шарғыларын көрсеттік. Тегінде бізбен қатар өнер көрсеткен британдық көшбасшы құрама біздің жігіттерге көңілге келетін әзіл көрсетіп кетіп еді. Бірақ бұл футбол. Солай болуы да керек.

Қарымта ойында жеңіске жету үшін қандай амал-әдіс жасау керек?

– Өзімізде ойнайтын болғаннан кейін, жанкүйерлер үшін біз бар күшімізді саламыз. Барлық күш-жігерімізді сала отырып, ең жоғары деңгейдегі ойынды көрсетеміз деп ойлаймын. «Астана»  ойынның соңына дейін ойнауға дағдыланған команда. 

«Астана» мен «Селтик» арасындағы ойынға Қуат Хамитов өз пікірін білдірген болатын. Сіз не дейсіз?

– Әрбір адамның жеке пікірі бар. Оның айтуға да құқысы бар. Бірақ балағат сөз бен лас әңгіме кәсіби спортшының деңгейін түсірмесе, көтереді деп өз басым ойламаймын. Ал нағыз лайықты жауапты, 22 тамызда Астанада өтетін қарымта ойында біздің жігіттер өздерінің көрсеткен ойындары арқылы беретін болады. 

М. Ақан