Румын төрешілері

Румын төрешілері "Астананы" тағы аяқтан шалмас

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі Селтик пен Астана командалары арасындағы бірінші ойынға румындық төрешілер қазылық жасайтын болды. Олардың арасында өткен маусымда осы шотландиялық клубқа қарсы ойында "Астана" қақпасына екі пенальти белгілеп, екі ойыншысын алаңнан қуған төреші де бар.

Румын төрешісі Иштван Ковач былтыр да "Селтик" – "Астана" ойынына қазылық жасаған. Сол ойында осы төреші елордалық ұжымның еңсесін түсірген еді. Екі бірдей пенальти белгілеп қана қоймай, "Астананың" екі ойыншысын алаңнан қуған-ды. Биыл қосалқы арбитрдің қызметін атқарып, қақпа сыртынды тұрады.  Ал бас төреші – Овидиу Хацеган. Бұл ойында оған қос қапталдан отандастары Октавиан Совре мен Себастьян Георге көмектессе, Иштван Ковач пен Себастьян Колтесу қақпа сыртынан бақылайтын болады. Не де болса румын төрешілері Астананы тағы да аяқтан шалмас деген ойдамыз.

Айта кетейік, Глазгодағы бірінші кездесу сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні өтеді. Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Тікелей эфирде "KazSport" арнасы көрсетеді. Ал қарымта ойын араға бір апта сала Астанада өтеді. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Метеорит неге жасыл түсті?
Метеорит неге жасыл түсті?
Антарктида мен Арктикада интернет бар ма?
Антарктида мен Арктикада интернет бар ма?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ