Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір cатыға жоғарылады

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір cатыға жоғарылады
Фото: kff.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы 1 саты жоғарылап, 105-ші орынға тұрақтады.

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер болды. Араға 1 ай сала Бразилия құрамасы қайта көш басына қайта оралды. Германия екінші орынға түссе, Аргентина үштікті түйіндеп тұр.

1 (2). Бразилия - 1604 очка.
2 (1). Германия - 1549.
3 (3). Аргентина - 1399.
4 (5). Швейцария - 1329.
5 (6). Польша - 1319.
6 (4). Португалия - 1267.
7 (7). Чили - 1250.
8 (8). Колумбия - 1208.
9 (10). Бельгия - 1194.
10 (9). Франция - 1157.

Жақша ішіндегі өткен айдағы нәтижелері

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Кюрасао ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 18 саты төмендеп, 86- орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Намибия құрамасы еншіледі. Олар 20 саты жоғарылап, 136-орынға табан тіреген.

Ө. Сансызбай