Неймар ресми түрде «ПСЖ» ойыншысы атанды

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Неймар ресми түрде «ПСЖ» ойыншысы атанды
Фото ©️ info7.mx

Бразилиялық шабуылшы Неймар ресми түрде «ПСЖ» клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы ПСЖ клубы өзінің ресми сайтында мәлімдеді. 

БӨЛІСУ

Ол жаңа командасымен бес жылдық келісімге қол қойды. Париждік клубта 10 нөмірмен өнер көрсетпек. Ойыншы жаңа клубында аптасына 575 мың еуро, жылына 30 миллион еуро алады. 

Естеріңізге салсақ, Неймар каталониялық клубқа 2013 жылы «Сантостан» 88,2 миллион еуроға ауысқан болатын. «Барселона» сапында 186 ойын өткізіп, 105 гол соқты.